09-09-21 |
410 рет қаралған
Мәминнің отставкасын талап еткен Әлтаев ұсталды.
Мәминнің отставкасын талап еткен Әлтаев ұсталды

Тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының бұрынғы мүшесі, бұрынғы депутат Нұржан Әлтаев бейбіт жиын өткізу ережесін бұзғаны үшін ұсталған. Бұл туралы «Орталық Азия» хабарлайды.

Бір күн бұрын тіркелмеген «Ел тірегі» партиясы Нұр-Сұлтанда үкімет отставкасы, вакцина салуды мәжбүрлемеуді және АЭС салмауды талап етіп, акция өткізген еді.

8 қыркүйек сағат 18 шамасында Азаттық тілшісі хабарласқан кезде Нұржан Әлтаев өзінің Есіл аудандық полиция бөлімшесінде екенін, үстінен Әкімшілік кодекстің 488-бап 7-тармағы бойынша хаттама толтырылғанын айтты. Оның жанында адвокаты болған.

Әлтаевтың айтуынша, 7 қыркүйек күні ұсталған 25 адамның бәрі босатылған, тек бірнеше адам: Болат Рысбаев, Руслан Әріпжан, Пердебай Қаныбеков 7-15 күн аралығында қамалған. Оларға «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыптар тағылған. Әлтаев олардың сот шешімін апелляцияға беруді жоспарлап отырғанын айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.