05-05-18 |
10120 рет қаралған
«Ол бізге патша емес!».
«Ол бізге патша емес!»

Бүгін Ресейдің кей қалаларында оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары ұйымдастырған «Ол бізге патша емес» («Он нам не царь») қарсылық шаралары өтіп жатыр. Акциялар Хабаровск, Владивосток, Южно-Сахалинск, Иркутск және Комсомольск-на-Амуре қалаларында болып өтті. Тағы бірнеше қаласында акцияларға бірнеше ондаған адамнан жүздеген адамға дейін қатысты деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Барнаулда биліктің келісімі берілген акция кезінде 15 шақты белсендіні полиция ұстаған. Красноярск қаласындағы шеру алдында Навальныйдың жергілікті штабының жетекшісі Яна Герасимованы полицияға апарған. Челябинскіде оппозицинерді қолдайтын ерікті Александр Беляев ұсталған. Сол тәрізді, Кемерово қаласындағы Навальный штабының қызметкері Борис Павловтың да ұсталғаны туралы ақпарат бар.

Мәскеуде «Ол бізге патша емес» акциясы жергілікті уақытпен сағат 14:00-ге жоспарланған. Бұған дейін Навальный жақтастарын Ресей конституциясында жазылған құқықтарын пайдаланып, Пушкин алаңына қарусыз, бейбіт жиынға шығуға шақырған.

Мәскеу билігі наразылық акциясын өткізуге келісім бермеген, прокуратура оппозиционер Алексей Навальныйды заңсыз шеру өткізудің теріс салдары болуы мүмкін екені туралы ескерткен. Қазір Мәскеу орталығына полиция және Росгвардия қызметкерлері мен автотехникалар барып жатыр.

«Ол бізге патша емес» акциясын биыл наурызда Ресей президенті болып төртінші мерзімге сайланған Владимир Путиннің мамырдың 7-іне белгіленген инаугурациясына орайластырып өткізіп жатыр. Осының қарсаңында Ресейдің Санкт-Петербург, Тамбов, Чебоксары және өзге қалаларында Навальныйдың жақтастарын полиция тұтқындаған.

Дереккөз:Азаттық радиосы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.