Арменияның жиырмаға жуық оппозициялық партиялары премьер-министр Н.Пашинянның қызметінен кетуін талап етті.
9 қарашада тараған мәлімдемеде: «Қалыптасқан катастрофикалық жағдайға жауапты болғандықтан премьер-министр Н.Пашинянның қызметінен өз еркімен кетуін талап етеміз. Жағдайды реттеп, әскери-саяси жағдайда шешетін жаңа атқарушы орган құруды да талап етеміз» делінген.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабақ соғысында Әзербайжан әскері 23 ауылды азат еткенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ Әлиев ВВС-ге берген сұхбатында: «Біздің ұстанымыз о бастан айқын болды. Егер Армения басып алған территорияларды босату туралы міндеттемені қабылдаса, біз кез келген уақытта тоқтаймыз» деді.
Бұған дейін өзін-өзі жариялаған Қарабақ билігі маңызды қалаы саналатын Шушаны бақылаудан айырылғанын мәлімдеп, Әзербайжан Степанакерт қаласына жақын қалғанын мәлімдеген еді.