09-11-20 |
310 рет қаралған
Қарабақ: Арменияның оппозициялық партиялары Пашинянның қызметінен кетуін талап етті.
Қарабақ: Арменияның оппозициялық партиялары Пашинянның қызметінен кетуін талап етті

Арменияның жиырмаға жуық оппозициялық партиялары премьер-министр Н.Пашинянның қызметінен кетуін талап етті. 

9 қарашада тараған мәлімдемеде: «Қалыптасқан катастрофикалық жағдайға жауапты болғандықтан премьер-министр Н.Пашинянның қызметінен өз еркімен кетуін талап етеміз. Жағдайды реттеп, әскери-саяси жағдайда шешетін жаңа атқарушы орган құруды да талап етеміз» делінген.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабақ соғысында Әзербайжан әскері 23 ауылды азат еткенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ Әлиев ВВС-ге берген сұхбатында: «Біздің ұстанымыз о бастан айқын болды. Егер Армения басып алған территорияларды босату туралы міндеттемені қабылдаса, біз кез келген уақытта тоқтаймыз» деді.

Бұған дейін өзін-өзі жариялаған Қарабақ билігі маңызды қалаы саналатын Шушаны бақылаудан айырылғанын мәлімдеп, Әзербайжан Степанакерт қаласына жақын қалғанын мәлімдеген еді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.