Біз
әлеуметтік
желіде
29-05-25 |
470 рет қаралған
Ақтауда теңіз портының президенті ұсталды — БАҚ.
Ақтауда теңіз портының президенті ұсталды — БАҚ

Ақтауда халықаралық теңіз сауда портының президенті Абай Түлікпенбаев ұсталды. Бұл туралы Orda.kz сайты жазды.

Сайттың жазуынша, қазіргі уақытта Түлікпенбаев тергеу изоляторында (СИЗО) отыр. Істі Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеп жатыр.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясының басқарма төрағасына қатысты қылмыстық іс мұнай контрабандасымен байланысты болуы мүмкін. 2023 жылдың қаңтарында «Мелиана» танкері арқылы Қазақстаннан заңсыз мұнай шығаруға әрекет жасалған», — делінген хабарламада.

2023 жылдың шілдесінде ҰҚК арнайы операция жүргізген: арнайы жасақ мұнайды контрабандалық жолмен әкетіп жатқан танкерді ұстап алған. Оқиға фильмдегідей өрбіген — күш құрылымдары тікұшақ пен катерлер арқылы кемеге штурм жасаған. Алайда комитет сол кезден бері оқиғаның егжей-тегжейін жарияламаған.

Кейін белгілі болғандай, «Мелиана» мұнай танкері «БатысНефтеТрэйд» ЖШС-не тиесілі. Мұнай өнімдеріне толы бұл кеме қазіргі таңда Ақтау портында тұрып, тәркіленген күйде қалып отыр. Әлеуметтік желілердегі белсенділердің жазуына қарағанда, бұл іс әдейі созылып жатыр, себебі онда билік құрылымдарындағы ықпалды тұлғалар аталады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.