Алматыда құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер арқылы бірнеше жыл бойы жаңа туған сәбилерді сатқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.
Делдалдар биологиялық аналарды әлеуметтік жағынан осал әйелдер мен шетелдік азаматшалар арасынан іздеп тауып, кейін сәбилерді заңсыз түрде клиенттерге беріп отырған.
Күдіктілер нәрестені ірі сомаға сатуға әрекет жасаған сәтте қолға түсті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Бала мемлекет қорғауына алынды.
Полиция бұл схеманың бір реттік емес екенін, оның басқа өңірлермен байланысы болуы мүмкін екенін атап өтті. Тергеу амалдары жалғасуда.