Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали 2022 жылдан бастап антикор мемлекетке 2 млрд АҚШ долларынан астам сомасындағы мүліктік активтер мен ақшаны қайтарғанын айтты.
Антикор Төрағасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервімен кездесті.
Ол жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алғышарттарын жою, сондай-ақ білім беру және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, резервшілерді қызықтырған сұрақтарына жауап бере отырып, халықаралық ынтымақтастықтың қабылданып жатқан шаралары және жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әлемдік стандарттарын енгізу туралы айтты.
Агенттік Төрағасы кездесу соңында сәттілік тілеп, біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру жолында жинақталған тәжірибелері мен білімдерін қолдануға шақырды.