20-04-24 |
17800 рет қаралған
Антикормен мемлекетке 2 млрд доллар қайтарылды.
Антикормен мемлекетке 2 млрд доллар қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали 2022 жылдан бастап антикор мемлекетке 2 млрд АҚШ долларынан астам сомасындағы мүліктік активтер мен ақшаны қайтарғанын айтты.

Антикор Төрағасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервімен кездесті.

Ол жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алғышарттарын жою, сондай-ақ білім беру және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, резервшілерді қызықтырған сұрақтарына жауап бере отырып, халықаралық ынтымақтастықтың қабылданып жатқан шаралары және жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әлемдік стандарттарын енгізу туралы айтты.

Агенттік Төрағасы кездесу соңында сәттілік тілеп, біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру жолында жинақталған тәжірибелері мен білімдерін қолдануға шақырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.