arasha.kz

Арон Атабектің қызын полиция босатты

«Оян, Қазақстан» қозғалысының инстаграм желісіндегі парақшасында Айдана Айдарханды полиция босатқаны туралы хабар жарияланды.

Қозғалыстың телеграм каналында: «Айдананың тұтқындалғаны және 2 сағаттан соң босатылғандығы айғақты ақпарат.
Оны шығарғанға дейін бірнеше минут бұрын полиция жарықты сөндіріп, есікті жауып, есікке «ауладан кіру» деген жазуы бар қағаз ілген. Бұл тобырдың тарқауы үшін жасалынған шаруа. Алайда біз орнымыздан тапжылмадық. Ақырында жарыққа шығарғанымен тыныштықты сақтау мүмкін болмады. Тергеу кезінде Айданадан өз акциясына қатысқандар арасында журналисттер мен блогерлердің болған болмағандығы сұралды. Медеу аудандық прокуроры оны алғаш рет бұл істе болғандығы үшін «кешіретіндігін» бірақ та келесіде Әкімшіліктен рұқсат сұрауы керектігін айтты.
Конституциялық құқықтарға сәйкес Айдана өз пікірін айту үшін ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында марафонға баннермен шыққандығы үшін екі азамат 15 тәулік қамауға алынды.
Сол акцияны түсіргені үшін үш адам 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Қоғамның наразылық белсенділігі билікті жүргізіп отқан репрессивті саясатын өзгертуіне мәжбүр етеді деп есептейміз» делінген.

Кеше Шаңырақ ісі бойынша сотталған ақын Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан Алматыдағы Абай ескерткішінің алдында әкесінің суреті салынған плакат ұстап, поэтикалық акция өткізіп, әкесінің өлеңдерін оқып, оны босатуды талап еткен еді.

Exit mobile version