15-07-19 |
4660 рет қаралған
Арон Атабектің қызын полиция босатты.
Арон Атабектің қызын полиция босатты

«Оян, Қазақстан» қозғалысының инстаграм желісіндегі парақшасында Айдана Айдарханды полиция босатқаны туралы хабар жарияланды.

View this post on Instagram

Айдананың тұтқындалғаны және 2 сағаттан соң босатылғандығы айғақты ақпарат. Оны шығарғанға дейін бірнеше минут бұрын полиция жарықты сөндіріп, есікті жауып, есікке "ауладан кіру" деген жазуы бар қағаз ілген. Бұл тобырдың тарқауы үшін жасалынған шаруа. Алайда біз орнымыздан тапжылмадық. Ақырында жарыққа шығарғанымен тыныштықты сақтау мүмкін болмады. Тергеу кезінде Айданадан өз акциясына қатысқандар арасында журналисттер мен блогерлердің болған болмағандығы сұралды. Медеу аудандық прокуроры оны алғаш рет бұл істе болғандығы үшін "кешіретіндігін" бірақ та келесіде Әкімшіліктен рұқсат сұрауы керектігін айтты. Конституциялық құқықтарға сәйкес Айдана өз пікірін айту үшін ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында марафонға баннермен шыққандығы үшін екі азамат 15 тәулік қамауға алынды. Сол акцияны түсіргені үшін үш адам 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды. Қоғамның наразылық белсенділігі билікті жүргізіп отқан репрессивті саясатын өзгертуіне мәжбүр етеді деп есептейміз. __ Задержание Айданы и то, что её отпустили через два часа — показательно. За несколько минут до того, как её выпустили, полиция выключила свет, закрыла двери, а на двери повесили бумажку с надписью "вход со двора". Пытались сделать так, чтобы толпа ушла. Но мы стояли. Наконец её вывели в темноте, но тишину сохранить не удалось. У Айданы спрашивали были ли среди тех, кто был на её акции блоггеры, интересовались журналистами. Прокурор Медеуского района сказал, что на первый раз её "прощают", но в следующий раз она обязана просить разрешения у Акимата. Согласно Конституции Айдана не обязана ни у кого просить разрешения на выражения своего мнения. Напоминаем, что в апреле за выход с баннером на марафоне два гражданских активиста получили арест в виде 15 суток заключения. За съёмку той же акции трое других получили штраф в размере 20мрп. Считаем, что протестная активизация общества заставляет менять репрессивную политику властей. #freeAronAtabek #ShanyrakkaBostandyq #stopRepresion #отправдынеубежишь #уменяестьвыбор

A post shared by ⚡️RUKH (@rukh2k19) on

Қозғалыстың телеграм каналында: «Айдананың тұтқындалғаны және 2 сағаттан соң босатылғандығы айғақты ақпарат.
Оны шығарғанға дейін бірнеше минут бұрын полиция жарықты сөндіріп, есікті жауып, есікке «ауладан кіру» деген жазуы бар қағаз ілген. Бұл тобырдың тарқауы үшін жасалынған шаруа. Алайда біз орнымыздан тапжылмадық. Ақырында жарыққа шығарғанымен тыныштықты сақтау мүмкін болмады. Тергеу кезінде Айданадан өз акциясына қатысқандар арасында журналисттер мен блогерлердің болған болмағандығы сұралды. Медеу аудандық прокуроры оны алғаш рет бұл істе болғандығы үшін «кешіретіндігін» бірақ та келесіде Әкімшіліктен рұқсат сұрауы керектігін айтты.
Конституциялық құқықтарға сәйкес Айдана өз пікірін айту үшін ешкімнен рұқсат сұрауға міндетті емес.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында марафонға баннермен шыққандығы үшін екі азамат 15 тәулік қамауға алынды.
Сол акцияны түсіргені үшін үш адам 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Қоғамның наразылық белсенділігі билікті жүргізіп отқан репрессивті саясатын өзгертуіне мәжбүр етеді деп есептейміз» делінген.

Кеше Шаңырақ ісі бойынша сотталған ақын Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан Алматыдағы Абай ескерткішінің алдында әкесінің суреті салынған плакат ұстап, поэтикалық акция өткізіп, әкесінің өлеңдерін оқып, оны босатуды талап еткен еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.