Біз
әлеуметтік
желіде
23-05-25 |
130 рет қаралған
Елімізде бұзақылық пен зорлық-зомбылық жасау өршіген.
Елімізде бұзақылық пен зорлық-зомбылық жасау өршіген

Сенаторлар елде бұзақылық пен зорлық-зомбылықтың өршігеніне алаңдаулы. Соңғы жылдары мұндай құқықбұзушылықтар бір жарым есе артыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Егер 2022 жылы ұсақ бұзақылықтың 15 мыңға жуық дерегі тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 22 мыңнан асып кеткен. Депутат Шиповскихтің пікірінше, мұндай жағдайдың алдын алу үшін көшедегі бейнебақылау жүйесін кеңейтіп, қайталанған құқықбұзушылықтарға қатысты жазаны күшейту қажет. Сонымен қатар халық арасында профилактика жүргізіп, учаскелік инспекторлардың кәсіби әлеуетін арттыру керек дейді сенатор.

«Соңғы уақытта ел ішінде ұрлық, орынсыз жанжал, бейәдеп әрекеттер мен  көпшілік алдында жұдырық жұмсау, яғни төбелесу секілді көлеңкелісіз көрініс жиілеп кетті. Мұндай бұзақылықтар қоғамд үрей тудырып, жұрттың әділет пен тәртіпке деген сенімін әлсіретеді», — деді Сенат депутаты Геннадий Шиповских.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.