11-06-19 |
4240 рет қаралған
Полиция: Ринат Зайытов рұқсат етілмеген митингіге қатысты.
Полиция: Ринат Зайытов рұқсат етілмеген митингіге қатысты

Алматы қаласы ішкі істер департаменті айтыскер Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Онда айтыскер «Ринат Зайытов рұқсат етілмеген митингіге қатысты» делінген.

«Кеше кешке Алатау ауданында болған рұқсат етілмеген митингіге қатысқан азамат Ринат Зайытовты Алматы полициясына жеткізілді. Құқықтық түсіндірме жұмыстарынан соң ол босатылды. Арада біраз уақыт өткенде полиция департаментінің алдына бір топ адам жиналып, Ринат Зайытовпен кездесуді талап етті. Оларға Зайытовтың үйіне кеткені айтылғанымен жиналғандар тарауға асықпады. Жиналғандардың әрі қарайғы әрекеті жаппай тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін екенін ескеріп, Ринат Зайытов құқық қорғау органының шақыруымен келіп, жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, оларды «заңға бағынуға және құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды талабын орындауға» шақырды» делінген түсініктемеде.

Арада біраз уақыт өткенде Алматыда полиция Төле би көшесінің бойында ондаған адамды ұстағаны туралы ақпарат тарады. ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, «Алға, Ринат!», «Жаса, Қазақстан!» деп айғайлаған адамдар мінген ондаған автокөлік коллоннасын полиция мен арнайы жасақ қуып жетіп, тоқтатқан. Кейін полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздары «Сайран» автовокзалы маңында адамдарды ұстай бастаған.

Алматы қалалық полиция департаменті әзірге бұл оқиға туралы түсініктеме берген жоқ.

Кеше өздерін тәуелсіз бақылаушылармыз деп таныстырып, Ринат Зайытов пен режиссер Еркін Рақышев бастаған бір топ адам сайлаудың нәтижесімен келіспейтіндерін айтып, мәлімдеме жасаған. Олар қолдарында көп дәлелдер барын айтып, оны мәлімдеме арқылы жария етеміз дескен. Сөйтіп кеше кешке полиция Ринат Зайытов бастаған бір топ адамды ұстаған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.