Біз
әлеуметтік
желіде
03-06-25 |
1190 рет қаралған
Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша жарыссөзде Абзал Шынасыл соңғы сөзін айтты.
Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша жарыссөзде Абзал Шынасыл соңғы сөзін айтты

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша жарыссөз барысында айыпталушы Абзал Шынасыл соңғы сөзін сөйледі. Ол тағы да қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Айыпталушының айтуынша, егер Шерзатты шынымен өзі өлтірген болса, мойындаған болар еді.

«Ең алдымен, Қаржаубай Нұрымовтың отбасынан кешірім сұраймын. Бұл — бәрімізге ортақ қайғы. Мен бұған дейін де айттым, тағы да қайталаймын: мен Шерзат Полатты өлтірген жоқпын. Егер өлтірген болсам – мойындар едім. Мен жауапкершіліктен қашатын жігіт емеспін. Мен шындықты айттым. Менің жалғыз қателігім – кінәмді мойындап қойғаным. Жазадан қорқып тұрған жоқпын. Мен тек әділ шешім мен соған сай жаза берулеріңізді сұраймын», – деді ол.

Шынасыл өз сөзінде өзі туралы айтылып жүрген беделді адамдармен байланысы бар деген әңгімелер шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Оның сөзі кезінде сот залында Шерзаттың анасы мен басқа да туыстары көзіне жас алды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.