Бүгін әлемнің 24 елінің 65 қаласында Гонконгтағы наразыларды қолдау акциялар өтті. Осындай сыпаттағы Қытай экспансиясына қарсы акция Алматы мен Нұр-Сұлтанда да өтті. Алматыдағы акцияға елу шақты адам қатысқаны жайлы алдында хабарланған.
Әлеуметтік желілерде акция кезінде түсірілген видеолар тарады. Бір видеода топ адам арасында тұрған белгісіз жас жігіт «Оян, қазақ!» деп ұрандағаны байқалады.
Protester and crowd at #antitotalitarianism rally in #Almaty #Kazakhstan chanting 'Oyan Qazaq' ( Wake up, Kazakh) 29 Sept 2019 13.40 #China pic.twitter.com/nmcAI0ThhB
— Paul Bartlett (@pashab05) September 29, 2019
Екінші бір видеода Рысбек Сәрсенбайұлы Қытай экспансиясы және қазіргі билік туралы ойын айтып тұрғанын көруге болады.
Prominent campaigner Ryspek Sarsenbay addresses #antitotalitarianism protest in Almaty #Kazakhstan #China pic.twitter.com/vdJzhVHZjE
— Joanna Lillis (@joannalillis) September 29, 2019
Қыркүйек айының басынан бері Қазақстанда Қытай экспансиясына, Қытайдың Қазақстандағы жобаларына қарсы акциялар көбейді. Бүгінгі акцияға қатысушыларды полиция ұстағаны жайлы ақпарат әзірге жоқ. Акция кезінде әкімшілік өкілімін деген азамат акция, митинг өткізу үшін арнайы рұқсат алу керектігін ескерткен. Өткен аптада Алматы қалалық мәслихаты митинг өткізуге арналған екі орынды белгілеп, митинг, бейбіт шеру өткізу ережелерін қоғамдық талқылауға шығарды.
Қытайға қарсы митинг, акциялар және оған қатысты айтылған пікірлерді төмендегі сілтемелерге өтіп оқуға болады.
Жаңаөзенде жүзге жуық адам Қытайға қарсы акция шықты (видео)