Қырғызстан билігі сыртқы қарызы үшін Қытайға жері мен кен орындарын жалға бермейді. Бұл жайында бүгін президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол Қытайға Жетім-Тооның берілгенін жоққа шығарды. «Жетім-Тооның бір метрін де Қытайға бермейміз. Біз қарызды өтеудің басқа көздерін қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе шешіледі. Шешілмейтін мәселе болмайды», – деді журналистердің сауалына жауап берген Жапаров. Президенттің міндетін атқарушы ісін билік ауысқанға дейін бастаған кен орындарының өз жұмысын жалғастыратынын айтты.