12-11-20 |
450 рет қаралған
Қырғызстан Қытайға өз жерінің бір метрін де бермейді.
Қырғызстан Қытайға өз жерінің бір метрін де бермейді

Қырғызстан билігі сыртқы қарызы үшін Қытайға жері мен кен орындарын жалға бермейді. Бұл жайында бүгін президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаров баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол Қытайға Жетім-Тооның берілгенін жоққа шығарды. «Жетім-Тооның бір метрін де Қытайға бермейміз. Біз қарызды өтеудің басқа көздерін қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе шешіледі. Шешілмейтін мәселе болмайды», – деді журналистердің сауалына жауап берген Жапаров. Президенттің міндетін атқарушы ісін билік ауысқанға дейін бастаған кен орындарының өз жұмысын жалғастыратынын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.