06-05-24 |
4000 рет қаралған
Егер білсем Бишімбаевтың қылмысын жасырмас едім – Байжанов.
Егер білсем Бишімбаевтың қылмысын жасырмас едім – Байжанов

Сотталушы соңғы сөзінде тергеу басталғаннан бері мейрамхананы жауып, бейнебақылау камераларынан бейнежазбаларды өшіріп тастағанын және Бишімбаевтың басқа да тапсырмаларын орындағанын жасырмағанын атап өтті.

«Мен (ауыр қылмыс жасау туралы) білмедім деп ант ете аламын, бұл әрекеттерді қылмысты жасыру әрекеті ретінде қабылдауға болатынын тіпті елестеткен де жоқпын. Егер мен қасақана жасалған қылмыстың ізін жасыруға көмектессем, өзімді қорғамас едім, кешірмес едім», – деді Байжанов.

Ол сот барысында Салтанатты жиі еске алып, оның отбасы мен жақындарынан кешірім сұрап, көңіл айтқанын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.