06-05-24 |
11730 рет қаралған
Костенко атындағы шахтаның электр слесарі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Костенко атындағы шахтаның электр слесарі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаның жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен жанқиярлық және жемісті еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Qarmet акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтаның жерасты учаскесінің электрослесары Қосанов Айбар Бекболатұлы марапатталды», – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні кешке Костенко атындағы шахтадағы К3 қабатының 4-ші конвейерлік штрегіндегі түтін шыққан. Конвейерлік трассалар учаскесінің электрослесары Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен түтінді жойды. Сонымен қатар, шахтаның басқару бөлмесінде түтін туралы ескерту жүйесі іске қосылды.

Түтін себебі жойылғанына қарамастан, эвакуация жоспарын енгізу және 194 кеншіні жер бетіне шығару туралы шешім қабылданды. Барлық жедел қызметтер мен шахта қызметкерлері жедел және кәсіби түрде жұмыс істеді.

Түтіннің алдын-ала себебі төменгі кенептің ролигіне бөгде заттың түсуі, содан кейін роликтің жұмысы бұғатталып қалған. Бұл өз кезегінде конвейер таспасының түтінін тудырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.