Ұлттық банк жаңа ережелер енгізді. Енді валюта бағамдарын тек ғимарат ішінде ғана көрсетуге болады.
Бұл жаңашылдық 9 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Ол барлық айырбастау пункттеріне қатысты, тек әуежай, вокзал, іскерлік орталықтар, казинолар мен шекаралық бекеттердегі айырбастау орындарына ғана қатысы жоқ.
Тыйым кез келген сыртқы құрылымдарға қатысты: электронды табло, экрандар, көшеге қойылатын стендтер, сондай-ақ ғимараттардың қасбеттері, шатырлары мен витриналарындағы бағамдар енді болмайды. Ерекшеліктер тек ірі көлік және сауда орындарының ішіндегі айырбастау пункттеріне ғана қарастырылған.
Қазақстандықтар валюта бағамын енді тек айырбастау пунктінің ішінен – операциялық касса жанынан немесе ақпараттық стендтен көре алады. Бұл стендтің минималды өлшемі 0,4 × 0,4 метр болуы керек.
Реттеуші органның пікірінше, бұл шара айырбастау операцияларының ашықтығын арттырып, манипуляция ықтималдығын азайтады.
Айта кетейік, бұл норма сәуір айында ұсынылған кезде саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл идеяны күлкілі деп сынаған болатын. Оның ойынша, мұндай ұсыныстың шын себебі – халықтың назарын валюта бағамының ауытқуынан басқа жаққа бұру.