Сайлау кезінде 19 заң бұзушылық фактісі тіркелген. Оның 18-не әкімшілік іс қозғалған. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев ОСК-дағы брифинг кезінде айтты.
«Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстарында сайлауын заңын бұзудың 19 фактісі тіркелген. Олар: заңсыз үгіт-насихат, азаматтарға бірнеше дауыс беру қағаздарын беру, 2-3 бюллетеннен жәшікке салу. Осы фактілер бойынша 18 әкімшілік іс қозғалды», – деді Дембаев.
Дембаевтың айтуынша, барлық материалдар сотқа жөнетілген. Заң бұзған сайлау комиссиясы мүшелері шеттетілген.