09-06-19 |
1210 рет қаралған
Сайлау кезінде 19 заң бұзу фактісі тіркелген.
Сайлау кезінде 19 заң бұзу фактісі тіркелген

Сайлау кезінде 19 заң бұзушылық фактісі тіркелген. Оның 18-не әкімшілік іс қозғалған. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев ОСК-дағы брифинг кезінде айтты.

«Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстарында сайлауын заңын бұзудың 19 фактісі тіркелген. Олар: заңсыз үгіт-насихат, азаматтарға бірнеше дауыс беру қағаздарын беру, 2-3 бюллетеннен жәшікке салу. Осы фактілер бойынша 18 әкімшілік іс қозғалды», – деді Дембаев.

Дембаевтың айтуынша, барлық материалдар сотқа жөнетілген. Заң бұзған сайлау комиссиясы мүшелері шеттетілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.