16 сәуір күні Алматы қаласында азаптаумен күрес тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.
Ішінде Испания, Румыния, Польша делегаттары болған парламент өкілдері және Италия мен Чехиядан келген мемлекеттік емес ұйымдар, ҚР Парламент Сенатының депутаттары Қазақстанның пенитенциарлық жүйесімен танысты. Таныстырылымда Қазақстан Республикасының 1998 жылы БҰҰ Конвенциясына қосылғалы азаптаумен күрес мақсатында түрлі шара жасалғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстанның ашық, демократиялы және құқықтық мемлекет екені туралы да айтылды. Бүгінде мемлекеттік органдар азаптау фактілерін жасырмайды және кінәлілерді жақтамайды. Мемлекет әр шағымды қарап, барлығының заң жүзінде жүзеге асуы үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп отыру саясатын ұстанады.
Дереккөз: baq.kz