22-05-19 |
3420 рет қаралған
Зеленский таныстарын лауазымды қызметтерге тағайындай бастады.
Зеленский таныстарын лауазымды қызметтерге тағайындай бастады

Украина президенті «Квартал 95» студиясында бірге жұмыс істеген Сергей Шефирді өзінің көмекшісі етіп тағайындады. Бұл туралы Украина президентінің ресми сайтына жарияланды.

Шефир Зеленскийдің бизнес әріптесі ғана емес, ең жақын досы. Сондай-ақ, Зеленский бұған дейін «Квартал 95» студиясында жұмыс істеген  Сергей Трофимов пен Юрий Костюкті президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасарлары қызметіне тағайындады. Ал президент әкімшілігінің басшысы болып олигарх Игорь Коломойскийдің заңгері Андрей Богдан тағайындалған. А.Богдан Януковичтің тұсында үкімет жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша уәкіл болған.

Зеленский президент сайлауына түскенде оның артында олигарх Игорь Коломойский тұрғандығы туралы көп айтылған. Коломойский П.Порошенконың тұсында банктен заңсыз қаражат шығарған деген күдікке ілініп, Украинада кетіп қалған еді. Зеленский сайлауда жеңген соң, бірден Украинаға оралғаны да мәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.