Қырғызстандағы жағдай күрделі болып тұр. Елдегі саяси партиялар құрған үйлестіру кеңесі қоғамдық-саяси ахуалды өз бақылауына ала алмады. Ал, Бішкектегі қоғамдық тәртіпті волонтерлар мен халық жасақтары қамтамасыз етуге тырысуда. Сарапшылардың айтуынша, Сооронбай Жээнбеков өздігінен отставкаға кетуі тиіс. Алайда, президенттің 5 қазандағы халыққа жолдаған үндеуіне қарағанда оның өз еркімен кеткісі жоқ сыңайлы. Жағдайды шешудің тағы бір жолы — импичмент. Қырғызстанның Конституциясына сәйкес, импичмент жариялау үшін Сооронбай Жээнбековке Жоғарғы Кеңес мүшелерінің 80-нен кем емес дауысын жинау керек. Саясаттанушылардың пайымдауынша, елдегі оппозициялық ұйымдар президентпен келіссөзге отыруы мүмкін. Бірақ, олар мемлекеттің заңды басшысын өз еркімен кетіруге мәжбүрлеуі ықтимал.