07-10-20 |
480 рет қаралған
Жээнбеков өз еркімен кете ме, әлде импичмент жариялана ма?.
Жээнбеков өз еркімен кете ме, әлде импичмент жариялана ма?

Қырғызстандағы жағдай күрделі болып тұр. Елдегі саяси партиялар құрған үйлестіру кеңесі қоғамдық-саяси ахуалды өз бақылауына ала алмады. Ал, Бішкектегі қоғамдық тәртіпті волонтерлар мен халық жасақтары қамтамасыз етуге тырысуда. Сарапшылардың айтуынша, Сооронбай Жээнбеков өздігінен отставкаға кетуі тиіс. Алайда, президенттің 5 қазандағы халыққа жолдаған үндеуіне қарағанда оның өз еркімен кеткісі жоқ сыңайлы. Жағдайды шешудің тағы бір жолы — импичмент. Қырғызстанның Конституциясына сәйкес, импичмент жариялау үшін Сооронбай Жээнбековке Жоғарғы Кеңес мүшелерінің 80-нен кем емес дауысын жинау керек. Саясаттанушылардың пайымдауынша, елдегі оппозициялық ұйымдар президентпен келіссөзге отыруы мүмкін. Бірақ, олар мемлекеттің заңды басшысын өз еркімен кетіруге мәжбүрлеуі ықтимал.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.