01-05-24 |
4730 рет қаралған
Павлодар облысында прокуратура қызметкері суицид жасады.
Павлодар облысында прокуратура қызметкері суицид жасады

Павлодар облысында прокуратура қызметкері өз-өзіне қол жұмсады.

«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне байланысты полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы – өзін-өзі өлтіруге итермелеу.

Egov Press Telegram арнасы Павлодар облысы Баянауыл ауданы прокуратурасының қызметкері Асылбек Жұмағалиевтің белгісіз себептермен ваннада өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.