14-07-23 |
890 рет қаралған
7 жасар қызды айуандықпен өлтірді деген күдікпен баланың өгей шешесі ұсталды.
7 жасар қызды айуандықпен өлтірді деген күдікпен баланың өгей шешесі ұсталды

Алматыда 7 жасар қызды айуандықпен өлтірді деген күдікпен баланың өгей шешесі ұсталды. Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 1976 жылы туған, азамат Т ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынған.

«НеМолчи» қорының жазуынша, күдікті баланың өгей шешесі Балжан Тұрлыбек.

Өгей шешесі баланы дәретханаға барып үлгермей, жуынатын бөлмені ластағаны үшін аяусыз өлтіргені туралы жазбалар жарияланған. «НеМолчи» қоры парақшасында жарияланған ақпараттарға қарағанда, көршілер баланың соққыға жығылатынын айтып, учаскелік полицияға хабарлаған. Алайда, учаскелік полиция шара қолданбаған.

Баланың сау-тамтығы қалмаған: аяқ-қолы, басы сынған. Денесінің бәрі көгеріп кеткен.

Баланы жерлеуге мүмкіндік болмай, көршілер, еріктілер және Бостандық ауданы полиция бөлімі қаражат жинап, жерлеу рәсімін өткізген. Қылмыстық оқиғадан хабардар болған желі қолданушылар шара қолданбаған учаскелік полицияны да жауапқа тартуды сұрап жатыр.

Баланың әкесі аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Әйелінен (күдікті) 15 кіші. Бала бұған дейін әжесінің қолында болып, кейін әкесі мен өгей шешесінің қолына келген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.