Әлеуметтік желіде Жұмагелдиев пен басқалардың қылмыстық ісі бойынша сот процесіне адвокаттардың кіруіне тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады.
Алматы соты Дикий Арманның адвокаттарының ақпаратын жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Процеске қатысушыларға төмендегідей ақпарат берілді:
- Сотқа қатысушылардың барлығына 72 мекеменің ғимаратына өту орны, кіру және бару маршруты туралы алдын ала хабарланды.
- Бірқатар адамдар сотталушылар әкелінетін қызметтік есік арқылы өтпек болған. Оларға мекеменің бас бақылау бекеті арқылы кіру схемасы қосымша түсіндірілді.
- Сот отырысы ашық режимде өтіп жатқандықтан, ноутбук, планшет және басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынған жоқ. Тергеу изоляторының аумағында ұялы байланыс қызметі шектелгендіктен, құрылғыларды пайдалануда техникалық кедіргілер болуы мүмкін.
- 72-мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар қатаң тексеріледі.
Arasha.kz
ФОТО: arman__dikiy / Instagram