14-09-23 |
950 рет қаралған
Алматыда Дикий Арманның соты басталды.
Алматыда Дикий Арманның соты басталды

Әлеуметтік желіде Жұмагелдиев пен басқалардың қылмыстық ісі бойынша сот процесіне адвокаттардың кіруіне тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады.

Алматы соты Дикий Арманның адвокаттарының ақпаратын жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Процеске қатысушыларға төмендегідей ақпарат берілді:

  1. Сотқа қатысушылардың барлығына 72 мекеменің ғимаратына өту орны, кіру және бару маршруты туралы алдын ала хабарланды.
  2. Бірқатар адамдар сотталушылар әкелінетін қызметтік есік арқылы өтпек болған. Оларға мекеменің бас бақылау бекеті арқылы кіру схемасы қосымша түсіндірілді.
  3. Сот отырысы ашық режимде өтіп жатқандықтан, ноутбук, планшет және басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынған жоқ. Тергеу изоляторының аумағында ұялы байланыс қызметі шектелгендіктен, құрылғыларды пайдалануда техникалық кедіргілер болуы мүмкін.
  4. 72-мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар қатаң тексеріледі.

Arasha.kz

ФОТО: arman__dikiy / Instagram

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.