Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға ат салысқан қарапайым азаматтар марапатталды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды:
«Ерлігі үшін» медалімен:
1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 1 тамыз күні кешке «Ақкент» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, құтқарушылар келгенше қарапайым адамдар тұрғындарды өрттен құтқарып қалған болатын.
Arasha.kz
ФОТО: yandex.kz