11-08-23 |
970 рет қаралған
«Ақкентте» тұрғындарды құтқарған қарапайым азаматтар марапатталды.
«Ақкентте» тұрғындарды құтқарған қарапайым азаматтар марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшам ауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға ат салысқан қарапайым азаматтар марапатталды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды:

«Ерлігі үшін» медалімен:

1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;
2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;
3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;
5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;
6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 1 тамыз күні кешке «Ақкент» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, құтқарушылар келгенше қарапайым адамдар тұрғындарды өрттен құтқарып қалған болатын.

Arasha.kz

ФОТО: yandex.kz 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.