Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы әуежайында балаға әйнек құлап, жарақат алды.

/
Алматы әуежайында балаға әйнек құлап, жарақат алды.

Әлеуметтік желілерде 4 шілде күні Алматы–Шымкент рейсін күту кезінде Алматы әуежайының ғимаратында балаға әйнек сынығы құлағаны туралы ақпарат тарады. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 7–9 жастағы бала маңдайынан жарақат алған.

Әуежайдың баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, баланың ойнап жүріп әйнек қоршауға соғылып, салдарынан жарақат алғанын мәлімдеді.

«Оқиға орнына бірден қауіпсіздік қызметі мен медициналық көмек тобы шақырылды. Дәрігерлер алғашқы көмекті сол жерде көрсетті. Мамандардың айтуынша, баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ», — делінген ресми мәлімдемеде.

Сондай-ақ, әуежай әкімшілігі баланың ем-домына қатысты барлық шығынды өз мойнына алатынын жеткізді.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары