11-05-23 |
2140 рет қаралған
DamuBala порталында кезекке тіркеу жұмысы қайта жанданды.
DamuBala порталында кезекке тіркеу жұмысы қайта жанданды

10 мамыр күні, сағат 18:00-де балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеудің екінші кезеңі басталды, бірақ жүйе қатып қала берді.

Бағдарлама операторының айтуынша, бұл кейбір үйірме мен секция иелерінің жүйені алдау және бір мезетте бірнеше жүзден мыңға дейін баланы тіркеуден туындаған.

«Жүйеге секундына 600 мыңнан асатын қайталама біржолғы сұраныстар келіп түскен. Бұл сұраулар жасалған нақты IP мекенжайлары бар. Платформаның жұмысы баяулады, өйткені ол мұның бәрін ұйымдасқан шабуыл немесе боттың сұрауы ретінде қабылдады және соған сәйкес әрекет етті», – деп түсіндірді бағдарлама операторлары.

40 минуттық баяу жұмыстан кейін платформа сұраныстарды тұрақты өңдеуді жалғастырды. Соның нәтижесінде сағат 18.00-ден бастап 25 мыңнан астам бала кезекке тұрды. DamuBala жүйе қалыпты жұмыс істейді, кезек кідіріссіз түзіледі дейді. Бір мезетте бірнеше жүз баланы тіркеуге тырысқан үйірме иелеріне қатысты тергеу жүргізіледі.

«Ата-аналарға ескертеміз: ЭЦҚ-ны және оның паролін, сонымен қатар, DamuBala-дағы жеке кабинеттің паролін үшінші тұлғаларға бермеңіз. Құпия деректерге, біреудің сіз үшін қол қоюына сене отырып, сіз үлкен тәуекелге барасыз – ЭЦҚ көмегімен бөтен адам сізге несие рәсімдеп, біреудің атына мүлікті тіркей алады. Бір IP мекенжайдан бірден көптеген өтініш жасауға тырысатын адамдар, оларға сенетіндер, ең әуелі басқа балалар мен ата-аналарға зиян тигізеді», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.