Бүгін халық алдында есеп берген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтан тұрғындар «Алтын Орда» базары жанындағы айналма көпірдің қашан бітетінін тағы сұрады.
Әкім жобаға ақшаның жеткілікті бөлінгенін айтып, тұрғындарды шыдамды болуға шақырды.
«Біз Instagram-да жасалған жұмыс туралы есепті жариялаған кезде, пікірлерде «Алтын Ордадағы айналма көпір қашан аяқталады?» деген сұрақ жиі қойылады. Өкінішке орай, бұл аумақ қалаға емес, облысқа тиесілі. Мен де, айналма жолдың қай уақытта аяқталғанын сұрап шаршадым. Ондағы жұмыстар министрліктің қадағалауымен мердігерлермен жүзеге асырылады. Ақша жеткілікті, бірақ мердігерлер бұл қаражатты игере алмаған болуы мүмкін. Біз көп күттік, тағы біраз күте тұрайық, шыдамдылық танытайық. Мен де осының бәрі тез аяқталғанын қалаймын», – деді Сағынтаев
Айта кетсек, Алтын Орда маңында салынып жатқан 10 жолақты жол 2017 жылдың күзінде бастады. Жобаның қай уақытта аяқталатыны нақты айтылған жоқ.
Сонымен қатар Сағынтаев азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жасалып жатқан жұмыстарды түсіндірді. Ал шарықтап кеткен жұмыртқа бағасын маусымдық өсуімен байланыстырды.
«Бағаның өсуіне келер болсақ, жұмыртқаның құны тек Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстанда өсті. Біздің мамандардың пікірінше, бұл бағаның маусымдық өсуімен байланысты. Бағалар жақын арада тұрақталады деп ойлаймын. Өткен жылы біз бюджеттен револьверлік схеманы қолданып жеті миллиард бөліп, әлеуметтік маңызы бар өнімдер қорын құрғанымызды білесіздер. Біз 18 тауардың бағасын ұстап тұрдық. Алматыда Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда азық-түлік бағасы төмен. Егер жұмыс жүргізілмеген болса, баға одан әрі шарықтайтын еді», – деді ол.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024