27-04-19 |
2600 рет қаралған
Алтын кенішінде екі адам қаза тапты.
Алтын кенішінде екі адам қаза тапты

Ақмола облысында «Қазақалтын» тау-кен комбинатына тиесілі Бестөбедегі кеніште тау жыныстары опырылып, салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Оқиға сенбі, 27 сәуірде таңғы сағат 04.00-те болған. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кен тастары опырылған кезде шахтаның ішінде болған үш адам кенішке заңсыз түскендер болып шықты.

«Екі адам қаза тапты. Екеуі де шахтаға заңсыз алтын іздеп түскендер. 50 жастағы үшінші ер адам жарақат алып, қабырғасы мен қолы сынды. Оның жағдайын дәрігерлер орташа деңгейде деп бағалап отыр. Ол Степногорскідегі ауруханаға жеткізілді», – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Қаза тапқандардың бірінің кім екенін анықталды, ол 1976 жылы туған К. С. есімді азамат.

«Кенішке заңсыз түскендердің қай елді мекеннің тұрғындары екені әзірге белгісіз. Құжаттары жоқ. Қазір екінші адамның кім екенін анықтап жатырмыз», – деді оқиға орнында болған Степногорск төтенше жағдайлар басқармасының инспекторы Сұңғат Абраев.

Қаза болғандар мен аман қалған тұрғынды үйінді астынан «Қазақалтын» комбинатының жанындағы тау-кен құтқару жасағының мамандары мен төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары алып шықты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.