
Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кен орнында жарылыс болды, қаза тапқан адам бар.
Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-каналында хабарланғандай, қайғылы оқиға 19 тамыз күні сағат 02:20 шамасында болған.
Ақшабұлақ кен орнында вагон-цистерна жарылып, одан кейін өрт шықты. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, үш адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, бір адамға медициналық көмек көрсетілді, – делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, мән-жай анықталып жатыр.
Arasha.kz
ФОТО: gov.kz
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025