13-06-23 |
2860 рет қаралған
Өрт: Аяқ киім берілмеген орманшылар, өртке жетпей далада қалған 5 көлік.
Өрт: Аяқ киім берілмеген орманшылар, өртке жетпей далада қалған 5 көлік

Алапат өрт ащы шындықтарды шығарып жатыр. Мәселен, Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы» арнайы көліктердің көбі 80-90 жылдары шыққан. Жүргенінен тұрғаны көп көліктер. Бірнеше көліктің ғана жылы жаңа екен: 2014 жылы шыққан. Өрт шыққаны туралы хабар жетіп, орманшылар аттанғанда 4-5 машина өрт ошағына жетпей бұзылып, далада қалған.

Ал орманшыларға берілетін арнайы киім 5 жылда бір рет беріледі екен. Соңғы рет киім берілгенде аяқ киім берілмеген. Аяқ киімнің ақшасы қайда кеткенін тағы да ешкім білмейді.

Осындай деректерді және өрт шыққанда-ақ «Семей орманы» шаруашылығының материалдық-техникалық жағдайы өте мүшкіл екенін де мекеменің бас директоры міндетін атқарушы Мұрат Қарымов айтқан.

Мұндай мүшкіл жағдайдан экология және табиғи ресурстар министрлігі, жергілікті жауапты мекемелер хабарсыз болуы мүмкі емес. Қазіргі кезде «Семей» орман шаруашылығы жұмысшыларының жалақысын көтерілетіні айтылды. Алайда, басқа орман шаруашылықтары жұмысшыларының жағдайы қандай екенінен ел хабарсыз. Саланың материалдық-техникалық базасын жаңарту, нығайту, жалақыны өсіру үшін міндетті түрде жылда өрт шығуы керек пе деп қаласың. Шындығында бұл саладағы үкімет – министрлік жұмысының сын көтермейтін халде екенін көрсетеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.