29-12-19 |
2090 рет қаралған
Ұшақ апаты: сақтандыру компаниясы өтемақы төлейді.
Ұшақ апаты: сақтандыру компаниясы өтемақы төлейді

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының fokker 100 ұшағы Amanat сақтандыру компаниясында сақтандырылған екен. Сақтандыру компаниясы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына және зардап шеккен адамдарға Bek Air әуе компаниясы мен жолаушылардан қажетті құжаттарды алған соң, бір аптаның ішінде өтемақыны кедергісіз әрі тездетіп төлемек. Бұл туралы сақтандыру компаниясы таратқан арнайы хабарламада айтылады.

Қазақстандық Amanat сақтандыру компаниясы Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатында қаза тапқандардың жақындарына және зардап шеккендерге өтемақы төлейтіндерін хабарлады.

Апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағы осы компанияда сақтандырылған.

Компания ұшақ апатынан денсаулығына зардап келген жолаушылардың ем-домына кеткен шығыны ретінде 200 АЕК (505 мың теңге), апаттан кейін мүгедек болып қалғандарға 2500-5000 АЕК (6 млн 312 мың тг – 12 млн 625 мың тг), қаза болғандардың жақындарына 5000 АЕК (12 млн 625 мың тг) өтемақы төлейтінін мәлімдеді.

27 желтоқсанда Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты. Көп адам зардап шекті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.