Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Костенко атындағы шахтасында болған жарылысқа қатысты ештеңе анықтамаған.
Оған бүгінгі Бас прокуратура таратқан ақпарат дәлел.
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастыруда. Жергілікті орында үйлестіруді Бас Прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асыруда. Газ-метан қоспасының жарылуының себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді. Ауысым қызметкерлерінен, «АМТ» Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар ақпаратта «бірқатар сот сараптамалары, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалғаны» айтылған. Бірақ нақты не анықталғаны туралы ештеңе жоқ.
Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды. Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдануда. Өзге де қажетті іс-шаралар өткізілуде. Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады – делінген Бас прокуратураның ақпаратында.
Сондай-ақ прокуратура ақпаратында зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізілетіні айтылған.
Тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс Бас Прокурордың бақылауында. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды – делінген мәліметте.
Енді ойлы оқырман бұл ақпаратта Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы шахтадағы апатқа қатысты әлі ештеңе анықтамағанын байқайтыны сөзсіз.
Arasha.kz
ФОТО: дереккөз
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
19.12.2024
-
18.12.2024