30-12-18 |
9670 рет қаралған
Шетелдік БАҚ: Жоғалған Малайзиялық ұшақ Қазақстанда болуы мүмкін.
Шетелдік БАҚ: Жоғалған Малайзиялық ұшақ Қазақстанда болуы мүмкін

Бортында 239 адам болған ұшақ 2014 жылдың 8 наурызында түсініксіз жағдайда із-түссіз ғайып болған еді. MH370 ұшу бағытын орындау кезінде жоғалып кеткен Малайзия әуе компаниясына тиесілі осы ұшақ Қазақстанда болуы мүмкін, себебі оның соңғы ізі туралы негізгі теория жоқ дейді Ұлыбританиялық БАҚ

Шет елдік БАҚ хабарлауынша, Malaysian Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағы Қазақстанда болуы мүмкін, өйткені оның соңғы ұшып өткен жолының негізгі теориялары зерттелмей қалады. Ең ықтимал теория бойынша, ол Үнді мұхитына құлады, ал тергеушілер бастапқыда ұшудың соңғы жолы бойынша екі иін жасаған.

Егер Куала-Лумперден Бейжіңге бағыт алған ұшақ оңтүстікке қарай ұшқан болса, онда ол Үнді мұхитының бір жеріне құлады.

Алайда, егер ол өзінің соңғы белгілі позициясынан солтүстік бағытқа кетсе, зерттеушілер салған иін бойынша, ұшақ Қазақстан мен Түркіменстан шекарасынан бастап солтүстік Тайландқа дейін созылатын жерде болуы мүмкін, деп хабарлайды «Express». Алғашқы жоспар Қазақстанда да іздеу-құтқару амалдарын жүргізуді қамтыды.

«Сол жерде болмаған ұшақ» кітабының авторы Джефф Уайз (Jeff Wise) былай дейді:

«Егер ұшақ солтүстікке қарай кетсе, онда ұшақты тартып алған адамдар бір алыс өңірге қонып, жолаушылары әлі тірі болуы мүмкін.

«Егер ұшақ оңтүстік бағытқа кеткен болса, баратын жері жалғыз – судағы көрге кіру.

«Бірақ әлі осы екі нұсқаның ара жігі нақты ажыратылған жоқ».

Ең басында Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разак Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты елде іздеу жүргізуге шақырды. Дегенмен, кемелер мен ұшақтардың халықаралық флотилиясы Үнді мұхитында іздеу жұмыстарын жүргізуге жіберілгендіктен, оның ұсынысы кейінге қалтырылды.

Ұшақ жоғалған уақыттан бері Малайзия, Мозамбик және Танзания жағалауларына ұшақ қалдықтары сумен шайылып келуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.