27-12-19 |
1750 рет қаралған
Тоқаев барлық әуекомпанияларын тексеруге тапсырма берді.
Тоқаев барлық әуекомпанияларын тексеруге тапсырма берді

фото: akorda.kz

Президент Қ.Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатына байланысты шұғыл жиын өткізіп, елдегі барлық әуе компанияларын тексеруге тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент жиында «Ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге; «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға; Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берді.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қозғалған қылмыстық іс аясында ұшақ апатына соқтырған себептерді анықтау, кінәлілерді заңға сәйкес жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, Алматы әуежайының аумағына жақын орналасқан жеке құрылыстардың заңдылығын зерттеу жөнінде шара қабылдауды тапсырды» деп жазады президенттің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.