Түркияда жол-көлік апатына түскен тағы бір Қазақстан азаматы қайтыс болды. ҚР СІМ түрік дәрігерлерінің ақпаратына сүйеніп, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында көз жұмғанын айтты.
Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі, – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
2023 жылғы 30 шілде күні таңертең Аланияда 12 қазақстандық мінген шағын автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Таратылған хабарламаға сүйенсек, түрік полициясынан алынған алдын ала мәлімет бойынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жүк көлігіне соғылған. Зардап шеккен қазақстандық туристтердің бірі 31 тамыз күні ауруханада көз жұмды. Оның денесі Қазақстанға жеткізілді.
Arasha.kz
ФОТО: inbusiness.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024