03-12-19 |
650 рет қаралған
Қызылордада автобус аударылып, 8 адам қаза болды.
Қызылордада автобус аударылып, 8 адам қаза болды

Қызылорда облысында автобус аударылып, 8 адам қаза болып, 21 адам жарақат алған. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахмановтың БАҚ-қа хабарлағанындай, автобус Құмкөлде жұмыс істейтін мұнай компаниясына тиесілі. Ол компания Шымкентте тіркелген. Әзірге жол апатынан 8 адам қаза болып, 21 адам зардап шеккені белгілі болып отыр.

Автобуста 36 жолаушы болған. Көлік Қызылорда-Құмкөл бағытында кетіп бара жатып таңғы уақытта аударылған. Алдын ала болжам бойынша, жолдағы тайғақтан жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған делініп отыр.

Президент Қ.Тоқаев қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, көмек көрсетілетінін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.