Астана қаласы прокурорының орынбасары А.Ермахановтың төрағалық етуімен ведомствоаралық кеңес өтті. Онда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кеңес жұмысына Полиция департаментінің, қала әкімдігінің басшылығы қатысты.
Биыл жол-көлік оқиғасының жалпы санының төмендеуіне қарамастан, зардап шеккендердің саны артқан. Жалпы, ЖКО салдарынан 123 адам зардап шекті, 6 адам қаза тапты. Прокуратураның үйлестіруімен елорда аумағында «Автомобиль» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Жедел профилактикалық іс-шарасы кезеңінде жол ережесін бұзған 9 397 дерек анықталды – делінген Астана қаласы прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін – 1234, жүргізушінің телефонын пайдаланғаны үшін – 228, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарғаны үшін – 214.
Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін сот шешімімен 43 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Көлік жүргізушілерінен басқа жаяу жүргіншілер арасында заң бұзушылар анықталды. Олардың кінәсінен туындайтын ЖКО-ның негізгі себептері – белгіленбеген орындарда жолдан өтуі. Жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жол жүру ережесінің талаптарын орындамағаны үшін 2 652 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кеңеске қатысушылар елорда үшін ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын әзірледі – делінген хабарламада.
Arasha.kz
ФОТО: alataunews.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024