01-02-18 |
9460 рет қаралған
52 адам өртенген автобус қаңқасында аруақтар жүр.
52 адам өртенген автобус қаңқасында аруақтар жүр

52 адаммен бірге өртеніп кеткен автобустың қаңқасы осыдан 4-5 күн бұрын Ақтөбеге әкелінді. Көліктің сау тамтығы жоқ. Күзетшілердің айтуынша, бұл жерде түнімен адамның үніне ұқсас түрлі дыбыстар шығады, деп хабарлайды 31 арна.

Күзетшілер 52 адамның өмірін жалмаған автобусты елес кезіп жүргенін айтады.

«Жалынады, түнде сөйлейді, айқайлайды. Әруақ қалып қойған ғой ішінде. Түнде, бір-екілердің кезінде келіңіз, көресіз», — дейді күзетші.

Арна тілшілерінің айтуынша, Шымкенттен Қазанға жолға шығып, жолаушылармен бірге түгі қалмай жанып кеткен автобустың іші түгілі сыртына қараудың өзі қорқынышты. Қасына жақындағанда жаның түршігеді. Терезе-орындықтар, тіпті дөңгелекке дейін дым қалмаған. Тек қаңқасы ғана тұр. Күйіктің иісі әлі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2018  жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам (барлығы Өзбекстан азаматы) қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Дереккөз: ult.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.