Ресей мен Қытай Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша тапсырыс үшін қызу күрес жүргізіп жатыр.
Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Қытайдың Ұлттық ядролық энергетика корпорациясы (CNNC) Қазақстан билігіне жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын екі HPR-1000 реакторын небәрі 550 миллион АҚШ долларына салуды ұсынған.
Ал осыған ұқсас жоба үшін ресейлік «Росатом» 1,2–1,5 миллиард доллар сұрап отыр. Яғни екі есе қымбат!
«Қытайдың ядролық энергетикасы енді жаңалық емес. Hualong One (HPR-1000) — Қытайдың өз бетінше әзірлеген үшінші буындағы ядролық энергетика технологиясы. Бұл технология үшін Пәкістан мен Аргентина да таласып жатыр. Ол қауіпсіздік көрсеткіштерімен ерекшеленеді, тіпті жер сілкіністері мен цунамидің де әсеріне төтеп бере алады. Оны «ядролық энергетиканың танкісі» деп атауға болады. Тағы бір таңғаларлығы — Қытай Қазақстанға ядролық отын циклы мен ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытуда да көмектесуге уәде берді. Ресей мұндай жан-жақты сервистік қолдаумен бәсекелесе ала ма? Қазақстандағы тендерде кім жеңіске жетсе де, Қытайдың ядролық энергетикасының «әлемдік аренаға шығу қарқынын» тоқтату мүмкін емес», — делінген жарияланымда.