07-11-18 |
3480 рет қаралған
Алматыда Денис Тенге ескерткіш тақта орнатылды.
Алматыда Денис Тенге ескерткіш тақта орнатылды

7 қараша күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Оллимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің көзі тірі кезінде тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды.

 

Шараға  мәнерлеп сырғанаудан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ресей құрамасының кеңесшісі Татьяна Тарасова, Ресей спортшысы Елена Радионова, Алматыдағы Ресейдің бас консулы және қазақстандық көптеген танымал тұлғалар мен қарапайым халық келіп, қатысты.

Денистің 2003-2010 жылдары жаттықтырушысы болған Татьяна Тарасова Денис елінің атын шығаруға еңбек еткенін айтып, еске алды.

» Ол осы елде қаза тапты. Оның қойылымдарын тамашалаған миллиондаған адам картадан Қазақстан деген елді іздеді. Бұл ел қайда екенін бәрі біле бермейді, бірақ ол арқылы бәрі біле бастады. Ол елінің Ұлы баласы. Маған онымен бірге жұмыс істеу бақыты бұйырды. Ол өз мамандығын соншалықты жақсы көрді. Мамандығы арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын түсінді. Денис үздіктердің үздігі еді. Бала күнінен ерекше еді. Мұз айдынына шыға салысымен стадионды дүр сілкіндіретін», -деді Т. Тарасова.

Қазіргі уақытта Денис Тенге арналған ескерткіштің ескизі дайындалып жатыр екен.Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевтің сөзінше, ескерткіш көктемде ашылады.

Сонымен қатар бүгін Денис Тен қорының да таныстырылымы өтті.

Еске салсақ, аты аңызға айналған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен үстіміздегі жылдың 18 шілдесінде кісі қолынан қаза тапқан болатын. Қылмысқа күдіктілер ретінде Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева танылып отыр.

arasha.kz

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.