10-10-20 |
2600 рет қаралған
АҚТАУДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ.
АҚТАУДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына сапары кезінде Ақтау қалалық мешітінің алғашқы кірпішін қалау салтанатына қатысты.
Игі шараға арнайы келген Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы естелік жазылған капсуланы қалады. Облыс орталығының 39-шағынауданынан бой көтеретін жаңа мешіт өңірден шыққан танымал дін қайраткері, ағартушы-ұстаз Ержан Төлегенұлының атымен аталмақ.
Айта кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай қазақтың жерінің тұтастығы, дінінің кең таралуы, елінің жарқын келешегі үшін тер төгіп, жан берген 30 қайраткердің есімін мешіттерге беру бастамасы қолға алынған болатын.
Осы мақсатта таяуда Алаш идеясының алтын бесігі, асыл өзегі Семейдегі бір мешітке Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның есімі берілсе, енді міне маңғаз дала Маңғыстаудың орталығында Ержан Төлегенұлы атындағы мешіт бой көтермек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.