Біз
әлеуметтік
желіде
29-04-25 |
590 рет қаралған
Қызылордада дін саласындағы мемлекеттік саясат түсіндірілді.
Қызылордада дін саласындағы мемлекеттік саясат түсіндірілді

Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 21-25 сәуір аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Қызылорда облысына іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу.

Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Қызылорда облысының дін істерінің бөлім басшысы, саясаттанушы Бердібек Нұрхат Маратұлы, Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы, Қызылорда облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы, дінтанушы Ерубай Асхат Рустамұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бөлім басшысы, дінтанушы Салықбаев Қайрат Құралтайұлы дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.  

Қызылордада дін саласындағы мемлекеттік саясат түсіндірілді

Түсіндіру тобының мүшелері Қызылорда қаласы, Байқоңыр қаласы, сондай-ақ Жаңақорған, Шиелі, және Қармақшы  аудандарында болды. Олар халық арасында Қазақстанда өмір сүретін барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт қатар өмір сүруі мен әрекеттесуіне бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасы, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы өңір тұрғындарын ақпараттандыру және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жоғары оқу орны студенттері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары және т.б. топтар қамтылды.

Қызылордада дін саласындағы мемлекеттік саясат түсіндірілді
БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.