02-11-20 |
1950 рет қаралған
Діни басқарманың жаңа арнасы «Асыл арна»-ны әлсірете ала ма?.
Діни басқарманың жаңа арнасы «Асыл арна»-ны әлсірете ала ма?

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай бірлестік республикаға хабар тарататын жаңа телеарна ашқалы жатыр. Бұл жайында бүгін діни басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. «Халық арна» деп аталатын жаңа медианың контентін жинақтау жұмыстары аяқталып қалды. «Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейне-роликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Арнаны «Отау тв» мен «Алма тв» кабельдік желілерінен көруге болады», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Қазақстандағы «Асыл арна» телеарнасының да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының иелігінде екенін айта кеткен жөн. Бұл медиа да 2007 жылдан бері дін тақырыбында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабар таратады. Ал, ұжымның бас директоры Мұхамеджан Тазабековтің «Қазақстан» ұлттық арнасынан шыққан «Talim Trend» жобасын қоғамның қызу талқылап жатқаны белгілі. Мәселен, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек сәлафизм идеологиясын ұстанған адамның ұлттық арнада жұмыс істеуін қауіпті деп санайды. Орынбек қол жинап, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен ҰҚК-не петиция да жолдады. Қоғам белсенділері енді зайырлы, құқықтық мемлекетке екі бірдей арнаның қажеті қанша, оны құрудың мақсаты неде деген сауалдарды талқылап жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.